Инвестициялық жобалар таныстырылды
Инвестициялық жобалар таныстырылды
Ал, «ADS Industries» ЖШС-ның өкілі Сәкен Арапбаев «Тараз ХимПарк» АЭА электр энергиясын өндіру үшін «Газ генератор станцияларын салу» бойынша инвестициялық жобасын ұсынды. Нұржан Нұржігітов облыс экономикасы үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді. Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы инвесторларға өздері тарапынан құжаттама жұмыстарын тезірек реттеп, құрылыстарды ертерек бастау керектігін айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу қажеттігін баса айтты.
«Aq jol»-Aqparat.