Жаңалықтар

Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағының 7) тармақшасын және Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» №2-4 шешімін негізге ала отырып, көп жылғы жемісті еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай: Асильхан Нурдаулет Қайратұлы

– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасының бас маманы, Асылбеков Данияр Абдинұрұлы – Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, Дүйсембаев Мейрбек Серікбайұлы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, Садирмеков Жомарт Сағатбекұлы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Техникалық нормалау тобының бас маманы, Сыздыков Абубакир Абдухалиевич – Жамбыл облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, Титова Галина Николаевна – «Нұр Әлім» балабақша мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Шайкрамов Мансур Закирович – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталсын.  

Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ф.ДЖУНУСОВА.