Жуалыда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды
⚜️Конституция күні қарсаңында Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған аулында мұқтаж жанға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
🔹️Баспана кілтін табыстауға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты. Қоныс тойын тойлаған шаңырақ иесіне басшылық тілектерін жеткізді.
🔸️Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Дорош Василий Владимирович «Асарлатып үй салу» жобасының шарапатын көрді. Мүмкіндігі шектеулі жанға шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй жылу жүйесімен, ауыз сумен, отынмен қамтылған.
🔹️«Асар жобасы» мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесін біртіндеп шешіп келе жатқаны қуантады.
Comments are closed.