Әлеумет

Сенатор Орынбеков оңалту орталығында болды

Сенатор Орынбеков оңалту орталығында болды

ҚР Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков 2021 жылдан бері құрылысы жүріп жатқан 150 орындық облыстық әлеуметтік бейімдеу орталығында болды. Сенаторға мұндағы жұмыс барысын облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова таныстырды.

Мұнда құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компания «Тараз Строй-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге қаражат бөлінген. Құрылыс аумағы 5 гектарға жуық аумақты алып жатыр. Салынып жатқан құрылыс аумағы 21 мың шаршы метр. Мердігер компания басшысы Қуат Баққараев сенаторға жұмысты барынша сапалы атқаруға күш салып жатқандарын жеткізді. Сенат депутаты оңалту бөлмелерін, спорт залды, мәжіліс залын, асхана мен бассейнге арналған орындарды аралап көріп, жұмыстың орындалу барысына жан жақты көңіл аударды. Мұнда қызмет алушыларды оңалту үшін тігін шеберханасы, қолөнер шеберханасы, аяқ киім шеберханасы жұмыс істейтін болады. Мұнда жалпы 210 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде. Сенат депутаты мердігер компания басшысына бөлінген  қаржының әр тиын тиімді пайдалануды, жұмысты сапалы аяқталды тапсырды. Бұл орталықты құрылысы алдағы қазан айында аяқталады деп күтіліп отыр.