Жаңалықтар

Конституция – елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары

Конституция – елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды және басты мерекелердің бірі саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция қоғамдық және саяси тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда негізгі рөл атқарады. Конституцияның жоғары әлеуеті экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл- ауқатының артуына ықпал етеді. Осыған орай өткен жылы елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, Ата Заңымызға бірқат ар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы тарихи шешімдер әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам болды. «Көптің сөзі – киелі», дейді дана халқымыз. Ел талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыз саяси бәсекелестікті күшейтуге жол ашып, Қазақстан азаматтарына жаңа әрі тең мүмкіндіктер беріп отыр. Конституция баянды істеріміздің бастауы болып, 28 жыл ішінде еліміз айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізуде. Осы жылдар ішінде киелі Әулиеата өңірі, қасиетті Жамбыл облысының да әлеуметтік-экономикалық әлеуеті еселеніп, сан саладағы көрсеткіштері арта түсті. Жамбыл жұртшылығы да өркениеттiлiк пен гуманистік принциптерiн ұстанған елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары Ата Заңымыздың болашағына берiк сенiммен қарайды деп білемін! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып, ел және отбасы игілігіне арналған еңбектеріңіздің жемісті болуын тілейміз! Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Облыс әкімі Нұржан НҰРЖІГІТОВ.