ОТБАСЫНДА ОЙРАН САЛҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
ОТБАСЫНДА ОЙРАН САЛҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Президенттің отбасылық- тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқықбұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстерге бірқатар түзетулер әзірледі. Заңнамалық түзетулер осы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске енгізілген түзетулер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында іске асырылады. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқықбұзушылықтар осы Кодекстің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқықбұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді. Яғни, аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалатын болады.
Есен ӨТЕУЛІ.