Әлеумет

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

Осыған орай, облыстық әкімдікте облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымовтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Әуелі сөз алған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев қоғам дертіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, кеңес отырысында облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы есебі тыңдалды. Айта кету керек, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасынан бөлек, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларының есебі де тыңдалуы тиіс болатын. Алайда, екі басқарманың да басшыларының орнына орынбасарлары келгендіктен, кеңес мүшелерінің қарсылық білдірулері негізге алынып, аталған басқарма басшыларының есептерін тыңдау кейінге қалдырылды. Отырыс барысында кеңес мүшелерінің қойған сауалдарына еңбек инспекциясы басқарма басшысы нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстар айтылды.  

 Мақпал СҮЙІНБАЙ.