Әлеумет

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындысы

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген аудит қорытындысы

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында осы жылдың 27 шілдесінде 2023 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмысының қорытындылары нәтиже сінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау бойынша мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Нақтырақ айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбас ары С.Абдра лиеваның, осы басқарманың бөлім басшысы Г.Бекмурзаеваның, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасбековтың, осы басқарманың бас есепшісі М.Талғарбаеваның, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Н.Темірбекованың, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Д.Тұңғатовтың, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары С.Қойшыбаев және бас есепшісі Қ.Құрманбековтың қатысуымен өткізілді. Кездесу барысында жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Мақсат Жамболатов тексеру комиссиясының 2023 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар жөнінде баяндады. М.Жамболатовтың баяндамасында облыс бойынша тексеру комиссиясы есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13, 29-баптарына және бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес, 8 мемлекеттік аудит және сараптамалық- талдау іс-шараларын жүргізген. Оның ішінде мемлекеттік аудит іс-шаралары – 3, сараптамалық-талдау іс-шаралары – 5. 68 мемлекеттік аудит объектілерінде 65 383,1 миллион теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде 348 бірлікті құрайтын рәсімдік  сипаттағы бұзушылықтар, 18 бірлік жүйелік проблемалар мен кемшіліктер және аудитпен қамтылған қаражаттың сомасынан 50,4 пайызды құрайтын 31 963,9 миллион теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылық 15 686,3 миллион теңге, 49,1 пайыз, ҚР заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары 43,4 миллион теңге, 0,1 пайыз, тиімсіз жұмсалған бюджет қаражаты, мемлекеттік активтер 2 385,9 миллион теңге, 7,5 пайыз, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 13 848,3 миллион теңге, 43,3 пайыз. Анықталған бұзушылықтардың ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататыны 15 686,3 миллион теңге, анықталған бұзушылықтар сомасынан 49,1 пайыз. Оның ішінде өтелуге жататыны 998,6 миллион теңге, қалпына келтірілуге жататыны 14 687,7 миллион теңге. Бүгінгі күнге қалпына келтірілуге және өтелуге жататын 15 686,3 миллион теңгенің 2 595,7 миллион теңгесі немесе 16,5 пайыз қалпына келтірілген және өтелген. Оның ішінде 31,9 миллион теңге бюджет кірісіне өтеліп, 2 563,8 миллион теңгесі қалпына келтірілген. Айырмасы болып табылатын 13 090,6 миллион теңге жолданған нұсқамалардың белгіленген орындалу мерзімдері келгенде орындалады деп күтілуде. Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін 3 материал Жамбыл облысының прокуратурасына жолданды. Прокуратура тарапынан аталған материалдардың 2 материалы тиісті шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-текс еру департ аментіне жолданғаны хабарланды, ал 1 материал прокуратурада қаралуда. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 40 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 33 ескерту, 7 сөгіс. Сонымен қатар, 70 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 35 273,5 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Лауазымды тұлғалардың тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңнама талаптары бұзылғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 184 материал әкімшілік шара қолдану үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, нәтижесінде 111 материал бойынша жалпы сомасы 29 213,6 мың теңге айыппұл салынды, қалған материалдар қаралу үстінде. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары лицензиясыз атқарылғаны және құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етпегені үшін тапсырыс берушінің, мердігердің, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әкімшілік құқықбұзушылық туралы 16 материал жолданып, жалпы сомасы 1 828,5 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, салықтық төлемдер бойынша кредиторлық берешек сомаларын жыл аяғына дейін бюджетке төлемегені үшін және міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын аудармағаны үшін мемлекеттік кіріс органдарына 6 материал жолданып, 4 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылса, 1 материал бойынша 207,0 мың теңге айыппұл салынды. Мемлекеттік аудит объектісі заңды орналасқан жерінің өзгергені жөнінде тіркеуші органға хабарламағаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 466-бабы 2-бөлігіне сәйкес, Әділет органына 3 материал жолданды. Медицина қызметкерлерінің медициналық білімі және сертификаты болмауына қарамастан жұмыс атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына әкімшілік шара қолдану үшін медициналық және фармацевтикалық бақылау органына 4 материал жолданды. Аталған 4 материал қаралу үстінде. Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заңды талаптарын орындамағаны неме се тиісінше орындамағаны үшін және бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына жол бергені үшін 17 материал сот органына жолданып, 15 материал бойынша 2 644,4 мың теңге айыппұл салынды, қалған 2 материал қаралу үстінде. Тексеру комиссиясы тарапынан әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру фактісі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі бойынша 9 хаттама толтырылып, 1 380,0 мың теңге айыппұл салынды. Жүргізілген мемлекеттік аудит іс- шараларының нәтижесінде негізгі анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер: Бюджеттік өтінімдерде шығыстардың негізділігі айқындалмай бюджет қаражатын негізсіз жоспарлануына жол берілген. Технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілмей, мемлекеттік монополияға жатпайтын сараптама ұйымдарынан өткізіліп, қаражат негізсіз және тиімсіз жоспарлануына жол берілген. Бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізілмеген. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша Тараз қаласы мен аудандарда жасөспірімдер мен жастар арасында су спортын дамыту мақсатында жабық стандартты бассейндер жетіспейді. «Тараз кәсіби футбол клубы» КМҚК- на қаражат лимиттен артық бөлінген. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және жұмсау, еңбекақы мен іссапар шығындарын артық және негізсіз төлеу. Келісімшарттар қазынашылық органынан тіркеуден өтпей, шарт сомалары бөлініп төлемдер жүргізілген. Мердігерлер тараптарынан сметалық құжаттамада көзделген жұмыстар толық орындалмаған, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуы қамтамасыз етілмеген. Жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмағаны үшін тиісті өсімпұл есептелмеген, тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу негізсіз жүзеге асырылған, мердігерлер келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше  орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап- арызбен сотқа жүгінбеген. Сатып алынған негізгі құралдар және құрылысы аяқталған нысандар кіріске алынбаған және амортизациялары есептелмеген. Қосылған құн салығы және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салықтары төленбеуі орын алған. Бұрмаланған қаржылық есептілікті жасауға жол берілген, шығыстар экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерi бойынша бюджет шығыстары дұрыс жүргізілмеген. Жылу энергиясын беру және бөлу қызметтері бойынша бекітілген инве стициялық бағдарламаларда көзделген шығындар орындалмаған, АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражат кредиторлық берешекті өтеуге бағытталған, жылу желілері кәсіпорындардың теңгерімінен негізсіз шығарылып, мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне берілген, нәтижесінде жергілікті бюджет кірісіне мүлік салығы түспеген. Кәсіпорындардың жарғыларында қаралмаған қызметті атқаратын автокөліктер мен техникалар сатып алынған және жұмыстар атқарылған. Бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы негізінен мемлекеттік аудит объектілері жауапты тұлғаларының тарапынан нормативтік-құқықтық актілері талаптарын өз деңгейінде білмеуі және мемлекеттік аудит объектілері басшыларының тарапынан қадағалаудың жеткілікті деңгейде болмауынан орын алғаны атап өтілді. Кездесу барысында жоғарыда аталған мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша атқарылған шаралары және Тексеру комиссиясы нұсқамаларын орындау бойынша баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту тапсырылды.  

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы.