Жамбылда не жаңалық?

Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударған жарналарым қайда, қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме? Бұл сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін түсінбейді. Бұл сауалдармен біз «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімовамен сұхбаттасқан едік.МӘМС үшін ақша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі ме?

– МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, қаржыландыру тапшылығын төмендету қажеттілігіне байланысты енгізілген. Егер 2019 жылы денсаулық сақтау саласына 1,03 триллион теңге бөлінген болса, 2023 жылға қазірдің өзінде 2,5 триллион теңге қарастырылған. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, соған сәйкес, азаматтардың көпшілігі барынша медициналық көмекке жүгіне алады. Көптеген адамдар МӘМС төлемдері қорға түседі және ол қаражатқа өз қалауы бойынша жұмсайды деп қателеседі. Жарналар мен аударымдар тікелей қорға емес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі яғни, олар басқа мақсаттарға жұмсалмайды. – Жарналар қайда кетеді? – Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға – қордың жеткізушілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. Мысалы, 2022 жылы МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық көмекке шамамен 836 миллиард теңге жұмсалды. – МӘМС-ға қанша қаражат түсті? – Биыл 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде еліміз бойынша 590,8 миллиард теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары – 37,7 пайыз, халықтың жеңілдікті с анатт ары үшін мемлекеттің жарналары – 33,2 пайыз, қызметкерлерден түскен жарналар – 24 пайызды құрады, басқа төлеушілер, яғни, жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, өзін- өзі жұмыспен қамтығандар, дербес төлеушілер – 5,1 пайызды құрады. Ал, облыс бойынша бұл көрсеткіш 13 миллиард 74 миллион теңге. Бұл қаражат МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде ай сайын жіберіледі. – Біздің оқырмандарымыз «Егер мен медициналық көмекке жүгінбесем, жарналарымды шешіп ала аламын ба?» деген сұрақты жиі қояды... – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель науқасқа денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды. Мысалы бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам айына 14 000 теңгеден тек 168 мың теңге жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, адамдар оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ, бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады. Тек стандартты сынақтар жиынтығын, гормондарды, инфекциялардың бар-жоғын тексеру үшін бірнеше ондаған мың қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, КТ, МРТ және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни, бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болуы мүмкін. Егер ота жасалатын болса, олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда науқас жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл халыққа тиімсіз. Сондықтан, МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал, сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді. – Тұрғындар медициналық көмек алу бойынша сұрақтары, мәселелері болса, кімге, қайда жүгіне алады? – Егер медициналық көмек алу бойынша сұрақтар туындаса, әркім өз емханасындағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ,

  • fms.kz ресми сайты,
  • 1414 байланыс орталығы,
  • Q o l d a u 2 4 / 7 м о б и л ь д і қосымшасы
  • Telegram-дағы SaqtandyryBot

байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, «сақтандырылған» мәртебесін тексеруге болады. Ал, ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтының «Денсаулық сақтау » бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың, жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді текс еруге және жүргізілген төлемдер туралы білуге болады. – Әңгімеңізге рақмет.  

Сұхбаттасқан Назерке СӘНДІБЕК.