Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Ауданда республикалық аймақтық семинар болып өтті. Оған Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл тағы басқа облыстардың ірі қара мал өсіретін шаруашылық жетекшілері қатысты. Семинарды аудан әкімі Бахтияр Көпбосынов ашты. Қазақтың ақ бас тұқымды сиырларын қысқы кезеңде бағудың технологиясы тақырыбында Республикалық Палатаның селекциялық-асылдандыру жұмысы бойынша менеджері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә. Сейітмұратов баяндама жасады.