Балаларын бақытына балаған Марал
Балаларын бақытына балаған Марал
Бұл отбасының үлкені Әсем биыл орта мектепті бітіріп, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің физика- математика мамандығына құжат тапсырыпты. Әсемнің мақсаты ата-анасының үмітін ақтау, өз білімімен еңбек ету екен. Екінші қыздары Ұлбосын 11-сыныпқа өтіпті. Айбек 8-сыныпқа, Сезім 7-сыныпқа көшіпті. Бұл балалар да оқу озаттары. Әлібек те мектеп қабырғасында. Ақниет пен Бақдәулет балабақшаға барып жүр. Олар да еліміздің бақытты болашағы. «Өмірімізге сән берген – осы перзенттер. Байлығымыз да – балаларымыз. Әр баланың өз нәсібі бар. Біздің ендігі мақсат – оларға жақсы тәрбие беру», дейді «Алтын алқа» иесі Марал Өмірбайқызы. Саламаттың 6-7 бас қой-ешкісі бар екен. Бірақ, қазірдің өзінде қорасына 300-400 түк шөп жинап қойыпты. Бұл оның еңбекқорлығын көрсетеді. Қыстың аязды күнінде шөбінің жартысын сатса, кемінде 150 мың теңге табыс болады. Оның өзі бала-шағаның біраз қажетіне жарайтыны анық.
Есет ДОСАЛЫ.
Меркі ауданы.