Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

Нинся-Хуэйск автономиялық ауданының төраға орынбасары Вант ХЭ Шанг бастаған Қытай делегациясы ауданға іссапармен келді. Екіжақты экономикалық сауда қатынастарын дамыту мақсатында келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымов пен аудан әкімі Б. Нұркенов ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қытайлықтар облыстағы мал шаруашылығын, өсімдік, балық шаруашылығын жандандырмақ. Кездесу соңында олар ауданмен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.