Балық аулағанда сақ болыңыз!
Балық аулағанда сақ болыңыз!
31 шілдеде Тараз қаласындағы Талас өзенінде қайғылы оқиға орын алды. Балық аулау кезінде 11 жасар бала суға құлап, батып кетті. Баланы құтқармақ болған 25 жастағы жігіт те батып кеткен. Олардың денесін Жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары тауып, судан шығарды. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары облыс тұрғындары мен қонақтарын осындай оқыс оқиғаларға ұрынбас үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мәселен, балық аулау үшін орын таңдағанда, оның қауіпсіз екендігіне көз жеткізуді және мынадай бірқатар кеңестерді ұстануды ескертеді. Тік жағалауы бар орындарды таңдамаңыз. Құмды немесе топырақты тік жағалауларда да қауіп бар, әдетте мұндай орындар тайғанақ келеді және құлап кетуіңіз әбден мүмкін. Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз өз қолыңызда!
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.