Биікті бағындырған Заңғар
Биікті бағындырған Заңғар
Сегізінші сынып оқып жүрген кезінен өлең жазуға машықтанған Заңғар аталған байқаудың аудандық, облыстық кезеңдерінде жеңімпаз атанған. Енді міне, Абай Құнанбайұлының ауылынан да бірінші жүлдені иеленіп отыр. Заңғар бұл байқауда «Өлеңге әркімнің де бар таласы...» атты аталымда Абайға жазған мазмұнды арнау өлеңі үшін олжаға кенелді. Заңғар қазіргі таңда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. – Бұл жеңісім үшін өте қуаныштымын. Осы сәтті біраз жылдан бері күттім. Мектептегі ұстаздарыма, ата-анама, достарыма алғыс айтамын. Бұл жеңіс – мені қанаттандырды. Әйгілі Абай атамыздың ізі қалған топырақты басу, Жидебай аймағынан жеңімпаз болып қайту – үлкен сәттілік деп білемін. Енді осы жеңіс жолын университетте жалғастырғым келеді, – дейді Заңғар Сәтберген.
Есет ДОСАЛЫ.
Талас ауданы.