Ел игілігі – инвестицияда
Ел игілігі – инвестицияда
Кеңес отырысына Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы мен «Қазақинвест» акционерлік қоғамының өкілдері сондай-ақ, кәсіпкерлер қауымдастығының басшылары қатысты. Жиында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров инвесторлардың құқықтарын қорғау мен прокуратураның фронт-офис алаңында туындайтын барлық мәселелерді дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті. Бұдан кейін кеңес қатысушылары өңірдің инвестициялық ахуалы мен тартымдылығын жақсарту, оның ішінде мониторинг нысандары мен әдістерін жетілдіру, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Басқосу соңында анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдің инвестициялық жобалар картасында жалпы құны 1,9 триллион теңгені құрайтын 60 жоба бар. Бұл жобалар сәтті жүзеге асырылған жағдайда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
«Aq jol»-Aqparat.