1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті
1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті
Осы бағыттағы жұмыс бұдан былай «Казпочта» бөлімшесінде де жүргізілетін болады. Қала тұрғындарына таратылатын төлем түбіртектерінде енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпарат орналастырылатын болады. Корпоративтік еріктілік бағытында жүзеге асырылған бұл бағыттағы іс-шараларды жүргізудегі мақсат – қала тұрғындарын қоғам дерті болып табылатын жемқорлыққа қарсы күреске жаппай шақыру, жемқорлық әрекет орын алған жағдайдағы іс-әрекеттерге бағыт-бағдар беру, Агенттіктің колл орталығының нөмірін танымал ету. Құрметті облыс тұрғындары, егер де Сіз қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылыққа тап болсаңыз, Агенттіктің 1424-call орталығына хабарласуыңызды сұраймыз! Жемқорлықты бірге жояйық!