Бірғаным ӘЙТІМОВА,Парламент Сенатының депутаты. Бүгінгі Қазақстанның жаһандық жүйедегі қауіп-қатерлерді шынайы мүмкіндіктері тұрғысынан қарағанда, тәуелсіздік мағынасы кеңірек ашыла түсіп отыр. Өйткені, тәуелсіз Қазақстан тәуелсіз елдің бет-бейнесі қандай болатынының үлгісі. Мемлекетіміздің көздеген межесін алатын мақсаткерлігі бар деген Елбасымыздың сөзінде үлкен мән бар. Өйткені, Мәңгілік Ел философиясын дамыта отырып, біз тәуелсіз Отанымыздың еңсесін тік ұстап, дамуын асқақтата беретінімізге сенімдімін.