Саясат

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы

25Аманжол НҰРМАҒАМБЕТОВ,Конституциялық кеңестің мүшесі.

Салтанатты жиында ата-бабамыздың аңсаған Тәуелсіздігін қастерлеу үшін еліміздің әрбір азаматының еңбектенуі қажеттігі баса айтылды. Біз егемендік алған 23 жыл ішінде біраз жетістікке қол жеткіздік. Бүгінгі таңда әлемді шарлаған дағдарысты еңсеру үшін, кездескен қиындықтарды жеңу үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Қазақстанның 2050 жылдарға дейінгі аралықты көздейтін даму Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасы бар. Демек, алдағы уақытта біз осындай стратегиялар мен бағдарламалар аясында үлкен шаралар атқарып, мемлекетіміздің дамуына хал-қадерімізше үлес қосуымыз керек. Елбасы өзінің сөзінде айтқандай, Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Демек, біз бұл өмірлік философияның қағидаларын сақтағанда ғана еліміздің Көк туын желбіретіп, Қазақстанның тұғырын биіктете аламыз. Ендеше, бұл жолда қай-қай­сысымыз болмасын, аянбай тер төгуіміз қажет.