Данияр ЖҰМАБАЕВ, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы. «Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым – Ұлы халық! Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз. ХХI ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу – ортақ жауапкершілік. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты 30 елмен иық тірестіруге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік, қадірлі халқым!» – деп елді жеткен жетістікпен тоқмейілсіп, тоқтап қалмай бар күш-жігерді жинап, баянды болашаққа барар жолымызға нық қадам басуға бастады.
«Тәуелсіздік толғауы» аталған бұл құттықтау-тілекті елдің татулығын арттырып, берекеге бастайтын сөз деп түсінгеніміз абзал. Алла патшамызға абырой беріп, халқымызға оның жүргізіп отырған саясатын қолдауға, іске асыруға қажыр-қайрат берсін! Еліміз Елбасымен бірге биліктерді бағындырары анық.