Таңғы нәсіп Тәңірден
Таңғы нәсіп Тәңірден
Құрт-құмырсқаға нәсіп берген Жаратушы ерекше ақыл иесі адамға нәсіп бермеуі мүмкін емес. Адамға да береді. Ол үшін ұмтылыс, ізденіс керек. Құмырсқа да өзінен үлкен дәндерді тауып, арқалап, тер төгеді. Ал, онымен салыстырғанда адамзаттың мүмкіндігі шексіз. Қазір біздің елдің жастарында да мүмкіндік көп. Жақында қыз ұзату тойының куәсі болдық. Күйеу жігіт те, қыз да Қытайда оқыған. «Қазақмыс» коорпорациясында еңбек етеді. Жалақылары бір миллион теңгеге жуық. Өздері ізденді, енді өздері қор болмайды. Сол секілді, он екі мүшесі сау, жоғары білімі бола тұра, күзетші болып 75 мың теңге жалақы алып жүргендер де бар. Енді 75 мың теңге мен 1 миллион теңгені салыстырып көріңіз. «Ағайын тоқшылық не дегізбейді, Байқасаң жоқшылық не жегізбейді. Ізденіп, бұл өмірден керегіңді ал, Тауық та түннен тұрып жем іздейді», – деп жырлаған Айтмұханбет Исақов ақынның сөздерінде шындық бар!
Есет ДОСАЛЫ.