Саясат

Тәуелсіздіктің арқауы

Тәуелсіздіктің арқауы

20Айгүл ҚАБИЕВА,ТарМУ мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары.

Біз, шынында да «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүрудеміз. Тәуелсіздіктің жиырма үш белесінде еліміздің жасампаздықпен, жаңашылдықпен қарыштап дамығанының өзіміз тікелей куәсі де болдық. «Мәңгілік Ел» идеясы – тәуелсіздіктің алтын арқауына айналып отыр. Бұл бізді айрықша қуанышқа бөлеумен келеді. Өзіміз ғана емес, ұрпағымыздың да бақуатты да шат өмір сүретіндігіне, болашағымыздың жарқын болатындығына деген сенім жаңа жетістіктерге жігерлендіруде. Алға қойған мақсат-міндеттері зор, жолы, бағыты айқын бейқұт елде өмір сүрудің өзі нағыз бақыт. Бүгінде бізге өзге шет жұрттар өкілдері де қызыға да таңырқай қарайды. Елімізде халық игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығының да бастауында Елбасымыздың, оның сарабдал саясатының тұрғаны анық. Жиырма үш жылдың бедерінде қазақтардың түрлі дәуір, кезеңдерде сан ғасырлар бойғы арман-мақсаттары толайым жүзеге асты десек оның еш артықтығы жоқ. Алдымызда қыруар іс, асқаралы міндеттер тұр. Осы жолда кездескен қиындықтарды ауызбіршілікпен, жауапкершілікпен жұмыла жұмыс істеу арқылы еңсереріміз де анық. Басқа қонған бақытымызды баянды, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету – өз қолымызда. Ұлтымызды уыздай ұйытар ұлы күш – бірлік пен ынтымақта екенін де ұмытпайық.