«ЕҢ ЖАС БАСШЫ» АТАНҒАН
«ЕҢ ЖАС БАСШЫ» АТАНҒАН
Арыстанбек Нұрмаханов 1 9 9 2 жылы университетті тәмамдап, ғылым жолындағы еңбегін жалғастырған. Осылайша, 20 жасында филология ғылымдарының кандидаты атанып, 23 жасында кафедра меңгерушісі болған. Ал, 27 жасында Әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы болып тағайындалған. Сол кезде есімі «Ең жас басшы» ретінде БАҚ бетінде тағы жарқ ете қалды. 2000-2001 жылдары Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін басқарды. 2001 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды. 2004 жылға дейін осы қызметте болып, кейін бизнес саласына ауысқан. 2004-2012 жылдар аралығында бизнес саласында жұмыс істегенімен, кейін қайта мемлекеттік қызметке оралған. ҚР Президентінің әкімшілігінде Мемлекеттік хатшы басшысының орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Арыстанбек Нұрмахановтың балалары да білімге құштар, түрлі саладағы жетістіктерімен ата-анасын қуантып жүр. Өзінің айтуынша, ол балаларына қатал талап қоймайды екен. Қыздары Бибінұр мен Амира Арыстанбекқызы көркем гимнастикамен айналысады, Шектібай есімді ұлы бар.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.