Саясат

Ауылдың ажары артуда

Ауылдың ажары артуда

18Доқтыркүл Есіркепова,

зейнеткер ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі.

Елбасымыз өзінің «Тәуелсіздік толғауында» «Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз. Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз», – деді. Мемлекет басшысының бұл сөзінде бұлтартпас шындық жатыр. Еліміз әлемді қаржылық дағдарыс салқыны шарпыған қиын-қыстау кезеңді еркін еңсеруде. Ауылдық жерлердің ажарланып, әлеуметтің әлеуеті арта түскендігі мұның нақты айғағындай. Соңғы жылдары Құлан ауылы да көркейіп келеді. Аудан орталығында еңселі ғимараттар бой көтерді. Ауыл сыртындағы дендросаябақ та жасыл желекке малынып, тазалығымен, көркімен көз тартып тұр. Кезең-кезеңімен ауылдарға ауыз су жүйесі тартылып, табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Ақбұлақ ауылындағы саз мектебі, Қорағатыдағы орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, Бәйтелі ауылында жаңа емдеу мекемесі бой көтерді. Луговой ауылындағы көшелерге толықтай дерлік түнгі жарық шамдары орнатылды. Жалпы, құландықтардың игілігіне айналған ілкімді істер көп-ақ. Қысқасы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында, Жолдаудан бастау алған бағдарламалардың нәтижесінде әрбір елді мекен еңсесін тіктеді десек, артық айтқандық емес.

Т. Рысқұлов ауданы.