Әлеумет

Жүрек ауруына жол бермеңіз...

Жүрек ауруына жол бермеңіз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», – деп атап көрсетті.

Президент денсаулық саласына назар аударып отырған соң, жыл сайын бөлініп жатқан қаржы да аз емес. Ауруханалар мен емханаларды заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету де жылдан жылға жақсарып келеді. Медициналық кадрларды дайындау, білімін жетілдіруде де мемлекет қаржы аяп жатқан жоқ. Әрине, аурудың сан түрі бар, соның ішінде жүрек ауруы адам өміріне аса қауіп төндіреді. Облыс кардиологтары қауіпті ауруға шалдыққандарды емдеуде күндіз-түні тынымсыз еңбек етуде. Өзіміз де жүрек қан-тамырлары ауруы жиі мазалап, ауық-ауық облыстық көпбейінді аурухананың кардиология бөліміне жатып, емделіп шығамыз. Сондай кезде денсаулық күзетіндегі ақ халатты жандардың жанкешті еңбегіне талай куә болдық. Жоғары білімді дәрігерлермен қатар, медбикелердің де еңбегі зор. Тіпті, кіші медбикелерге дейін тазалық жұмыстарымен қоса, жүрекпен аласұрған жандардың қабағын бағып, зыр қағып жүргені. Президенттің денсаулық сақтау саласындағы бастамаларын жергілікті жерде жандандыруға өз үлестерін қосып жатқан медицина қызметкерлерінің еңбегіне риза болған науқастар, ауруханадан шығып бара жатқанда емдеуші дәрігерден бастап, ақ халат киген әрбір жанға шексіз алғысын айтып, ризашылығын білдіріп жатқанын талай көрдік. Рауза Мақсұтқызы басшылық жасайтын бөлімдегі жоғары дәрежелі дәрігерлер Әсел Бектенқызы, Ғалия Бектаева, Мамура Рустанбекова, жоғары дәрежелі аға медбикелер Құндыз Жүнісәлиева, Баян Рахманова, Нейла Тұрайысова және басқа да денсаулық күзетінде тұрған ақ халатты абзал жандардың мінсіз қызметін өзіміз де көріп жүрміз. Тазалыққа жауапты, шаруабике Айгүл Түйтебаеваға да науқас жандар алғысын жаудырып жатқаны. Мұндағы 27 қызметкердің барлығының атын атап, түсін түстеп шығу міндет емес шығар. Барлығы да науқастардың алғысына бөленуде. Кардиолог- дәрігерлер әрбір емделушімен жеке-жеке әңгімелесіп, үйде қалай күтіну жайлы кеңес беріп, отбасы, жақындарына аурудың алдын алу жолдарын түсіндіруді өтініп жатады. Мерзімді басылымда аурудың алдын алу туралы мақалалар жариялап, телерадиохабарларына қатысады. – Облыс кардиологиясы 1985 жылдан бастап дами бастады. Оның басында біздің ұстаздарымыз Давид Безмозгин мен Анархан Әзімханов тұрды. Осы кардиологтар сол кезде қалалық аурухананың терапия бөлімінен 120 төсектік кардиология бөлімінің ашылуына ықпал етті. Оның 60-ы инфаркт, тағы 60 кардиология бөлімі болды. Инфаркт бөлімін Давид Безмозгин, кардиологияны Анархан Әзімханов басқарды. Институт бітіріп келісімен сол бөлімде дәрігерлік қызметімді бастадым. Амалбек Тшанов облысқа әкім болып тағайындалғанда бірінші қолға алған жұмыстарының бірі 60 орындық кардиология бөлімін облыстық ауруханаға ауыстыруға ықпал етуі еді. Міне, содан бері осы салада дәрігер-кардиолог болып еңбек етіп келемін. Біздің жұмыста шапшаң қимылдап, жүгіріп жүріп еңбек ету керек. Жамбылдық бір шоғыр кардиолог-дәрігерлердің ұстазы Анархан Әзімханов ағамыз бізден осыны талап етті, – дейді бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Рауза Жұбандықова. Облыста одан кейінгі жаңа әрі дамыған кардиологияның америкалық алгаритімді алып жұмыс істеген кезеңі 2009-2010 жылдардан бастау алады. Осы жылдары Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен е л і м і з б о й ы н ш а д ә р і г е р л е р д і жаппай шет мемлекеттерге оқуға ж і б е р у б а с т а л а д ы . И з р а и л ь мемлекетінен тәжірибе алмасуға барған қазақстандық дәрігерлер арасында Жамбыл облысынан Рауза Мақсұтқызы, Ибадат Жұмағалиқызы және Эльмира Маханбетқызы болды. Интервенциялық кардиология бөлімі 2010 жылы ашылып, Берік Керімқұлов Алматы қаласынан шақырылып, бөлім меңгерушілігіне тағайындалады. Литваның Каунас қаласында тоғыз ай оқып келген ол жүрекке ота жасаудан, тамырға стенд салудан мол тәжірибесі бар білікті дәрігер. 2011 жылы жұмысты толықтай жолға қойып, күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жатқан Берік бастаған дәрігерлер Тараз қаласы мен он ауданнан жүрек талмасы ауруымен арпалысып келген талай жанға қайта өмір сыйлады. С о л ж ы л д а р ы « Ж Т » и н ф а р к т а н ө л і м к ө р с е т к і ш і 16 пайыз болса, бүгінде 4-5 пайызға төмендеген. Бұл кейінгі 10 жылда қол жеткізген жоғары көрсеткіш. Облыста қатерлі дерттің алдын алу үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи үлгідегі медициналық жабдықтар мен ең сапалы стендтке дейін қамтылған. «Зона-Б»-ға жататын Мойынқұм, Шу, Қордай, Сарысу, Талас аудандарында тромбты ерітетін альтеплаза дәрісі бар. Егерде екі сағаттың көлемінде облыс орталығына жете алмайтын болса, «жедел жәрдем» ішінде әлгі дәріні құяды. Ал, «Зона-А»-ға жататын Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарынан дәріні құймай-ақ алып келеді. П р е з и д е н т V I I I с а й л а н ғ а н Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде де «Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл- аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек» деп әкімдердің алдына үлкен жауапкершілік жүктеп, медицина қызметкерлерінің құқын қорғауға барынша назар аудару қажеттігін атап көрсетті. А л д а ғ ы уақытта Шу және Сарысу а у д а н ы н а н д а и н т е р в е н ц и я л ы қ к а р д и о л о г и я бөлімдерін ашу күн тәртібінде тұрса, бұл да Президент бастамасынан туындаған міндет деп қабылдаған жөн. Сонда шалғай аудандардың жүрек ауруымен ауырған тұрғындарына ота жасау немесе стенд салу шұғыл қажет болған жағдайда Тараз қаласына әкелмей, әлгіндей бөлім ашылған жақын ауданға жеткізеді. Рауза Мақсұтқызы адамдар жүрек талмасы басталғанда дер кезінде медицинаға жүгіне бермейтінін алға тартты. «Жүрек ауруын кеуде тұсының ауруынан білуге болады. Ондай кезде шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру керек. Кардиологияда адам ауырған кезде әр минут есептеулі» дейді. Ауру басталған соң бір сағаттың ішінде медицина қызметкерімен кездесу қажет. Сосын бір сағаттың ішінде ауруханада болуы тиіс. «Жедел жәрдемнің» төрт талабы бар. Телефон соққанда аурудың әлгінде ғана басталғанын, қысылып жатқанын түсінікті етіп айту маңызды. Сонда «жедел жәрдем» ары кеткенде 15 минуттың ішінде келеді. Қалада да, ауылда да осыған бейімделген. Сосын әрбір «жедел жәрдемнің» іші қажетті медициналық қ ұ р а л д а р м е н ж а б д ы қ т а л ғ а н , реаниматолог-дәрігер отырады. «ЖТ» инфаркт кез келген адамға кенеттен пайда болатыны әрбір азаматтың есінен шықпағаны жөн. Кардиолог-дәрігер жүрек ауруларынан сақтану жолдарын да еске салды. Б і р і н ш і , ішімдіктен аулақ болып, темекі шекпей саламатты өмір салтын ұстану, екінші майлы тағам жемей, мейлінше көкөністі тұтыну керек. Қазіргі кезде адамдардың қимылы азайған, бұл да аурудың белең алуына әсер етуде. Сосын жүйкенің шаршауы, стрестік жағдай да ауру туғызады. Жат іс, жаман әдеттен аулақ болып, жоғарыдағы талаптарды орындаған кімде-кім жүрек ауруына шалдыға бермейді. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі мен рак ауруын салыстырғанда бірінші ауруға қарағанда бес жылдың ішінде екіншісі ұзақ өмір сүретіні анықталған. Инфарктке ой еңбегімен жұмыс істейтіндер көп шалдығады екен. Сондықтан да дәрігер кеңесі өзіміз сияқты мамандықта еңбек етіп жүргендердің есінен шықпаса дейміз. Қазақстанда, тіпті дүние жүзі бойынша жүрек ауруымен ауыратын адамдар көрсеткіші бірінші орында тұрғаны кім-кімді де мықтап ойландыруы керек.  

 Амангелді ӘБІЛ.