Тұрғындардың тілегі ескерілетін болды
Тұрғындардың тілегі ескерілетін болды
Бұл мәселе аудан әкімдерінің ауыл тұрғындарымен жылдық е с еп беру жиындарында айтылып, жазылып та жүр. 2021 жылы осы мәселе бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Марат Құлибаевтың «Газы жоқ немесе көгілдір отынды көптен бері күтіп жүрген ауыл» атты мақаласы б а с ы л ы м ғ а ж а р и я л а н ғ а н б о л а т ы н . 8 4 ж а с т а ғ ы ауыл қариясы Бейшеналы Қ а л м ы р з а е вт ы ң т і л ш і г е берген сұхбатында, қыс бойы шелектеп көмір, күл тасып күйе болған ақ жаулықты аналар, жұбайлар мен келіндеріміздің де өкпе-реніші көп екенін айтқан болатын. Оның үстіне қыста делдалдар көмірдің бір тоннасын 30-35 мың теңге бағамен шарықтатып сатады. Өткен жылы Шолаққайыңды а у ы л ы н ы ң қ а р и я л а р ы ауданның сол кездегі әкімінің қабылдауында болып, ауылға газ құрылысын жүргізуіне ө т і н і ш б е р г е н . Ж а у а п ретінде аудан әкімдігінің маманы Б.Есеев мырзадан «Шолаққайыңды ауылына 2023 жылы көгілдір отын жүргізу құрылыс жұмыстарына жобалық сараптау құжаттары дайындалып, Республика бюджетінен қаражат бөлінді» деген жауап келді. Осы материал дайындалып жатқан м е з е т т е Ш о л а қ қ а й ы ң д ы ауылына «Шымкентрамстрой» м е к е м е с і н і ң м а м а н ж ұ м ы с ш ы л а р ы к е л і п , ат а л ғ а н ау ы л ғ а к ө г і л д і р отын құрылыс жүйесін әр отбасыға жүргізу жұмыстарын бастап, бір айда толық аяқтап, пайдалануға беретінін айтып, уәде беріп отыр. «Жылдар бойы өз шешімін таппай келе жатқан жұмыстардың о р ы н д а л у ы н а б а с ш ы л ы қ жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз» дейді ауыл тұрғындары.
Бейбіт БАЙСАРИЕВ,
Т.Рысқұлов ауданының құрметті ардагері.