190 келідей каннабис тәркіленді
190 келідей каннабис тәркіленді
– Алға ауылының «Қақпақты» учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ, орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын тәркіленген зат каннабис есірткі заты екені анықталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
«Aq jol»-Aqparat.