- Advertisement -

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫ

101

- Advertisement -

Тараз қаласы №2948 27 шілде 2023 ж.

ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы, 2023 жылғы 12 мамырдағы Тараз қаласы әкімінің қаладағы нысандарға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша №1 хаттамасы, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №09-473 хаты негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тараз қаласының Бас жоспары негізінде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын іске асыру мақсатында, көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсету аумағын (балалар ойын алаңшасын, тұрғындардың демалыс орнын, жасыл-желек, көгалдандыру, тал-дарақтар отырғызылатын орын) ұйымдастыру үшін Сауле Калыбековна Булатбекованың уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Тараз қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, №7 «А» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,0240 га (кадастрлық нөмірі 06-097-016-1090) жер учаскесі мен өзге де жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 деп көрсетілсін.
  3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Әйменов) меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
  4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Әйменов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (м.а. Е.Кенесбековке) меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлікпен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақтылы аударуы тапсырылсын.
  5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
  6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2025 жылдың шілдесіне дейін деп айқындалсын.
  7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
  8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаевқа жүктелсін.

 

Қала әкімі Б.ОРЫНБЕКОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support