Әлеумет

Әдеп – тәрбие негізі

Әдеп – тәрбие негізі

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Шәкәрім оқулары» ұйымдастырылды. Мұнда мешітке келуші жастар Шәкәрім жырларын жатқа оқып, жарысты.

Айша бибі ауылдық мешітінде өткен «Әдеп – тәрбие негізі» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында ауыл жастарының тәртібі, ұрлыққа жол бермеу, пайдалы істермен шұғылдану мәселелері кеңінен қамтылды. Ал, Құмтиын ауылындағы «Ботабай» мешіті «Бір айда бір кітап оқы» іс-шарасын белсенді ұйымдастырды. Мұнда жастардың белсенділігі басты назарда. Жастар қандай кітап оқитынын өздері таңдайды. Бұл іс-шараның да жастарды кітап оқуға дағдыландыруға тигізер әсері мол.