- Advertisement -

Сауат ашу курсы – сауаттылық жолы

66

- Advertisement -

Меркі ауданына қарасты барлық ауыл мешіттерінде жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы биыл да жалғасын тапты. «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу курсына 150 шәкірт қамтылып, бағдарлама бойынша толық білім алып шықты. Оның ішінде 38 ұл, 18 қыз бала Құран жаттауға түскен. Ал, 34 шәкірт «Мұғалім сәни» кітабын аяқтауға жақын.

Сондай-ақ, Меркі ауданы, Интернациональный ауылында жаңа мешіт құрылысы қарқынды жүруде. Мешіт және дәретханасының сыртқы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ендігі кезек ішкі әрлеу жұмыстары мен ауласын реттеу жұмыстары да сәтімен жүргізіліп келеді.

ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН

Андас батыр ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Ғабдулла Алтынбеков аталған ауыл аумағындағы шекара әскери бөлімшесінде Отан алдындағы парызын өтеп жүрген азаматтармен кездесті.

Жиында сөз сөйлеген ауыл имамы «Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі туған жерді, елді, атамекенді қорғау қасиетті борыш. Әрбір азамат әскерге баруды абыройлы міндет санап, антты орындайтын үлкен асу тұрғанын сезінгендері жөн. Отанды сүю – патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет – зор сүйіспеншілік. Жастардың бойына отаншылдықты сіңіру оларды жат ағымның жетегінде кетуден сақтайды. Бұл асыл қасиет ата-анасынан, ұстаздарынан, араласқан ортасынан дариды. Сондықтан, елдік мәселелерге бейжай қарамай, бала тәрбиесіне мән бергені жөн», деді. Жиында аталған әскери бөлімшенің сарбаздары да сөйлеп, Отанды қорғауға дайын екендіктерін айтты.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support