Әлеумет

Автожол саласындағы кадр тапшылығы қайтсе шешіледі

Автожол саласындағы кадр тапшылығы қайтсе шешіледі

Жол саласындағы кадр тапшылығын шешу инфрақұрылымдық дамудағы маңызды бағыт. Себебі бұл саладағы кадрлық дефицит жол-құрылысы маусымы қызып жатқанда кері әсерін тигізері анық.

 width=

Осылайша, елдің инфрақұрылымдық дамуы, орындалатын жұмыстар мен іске асатын жобалардың сапасы көңіл көншітпейді. Білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігі жөнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де атап өткен болатын.

- Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет, - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР ИИДМ «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» бастамасымен «2000 мектеп» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Жалпы, бұл бастама еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығын шешуге бағытталған. Ал, жобаның басты міндеті – болашақ талапкерлерге жол саласының негізгі бағыттары мен тұстарын түсіндіру, саладағы артықшылықтар мен перспективаларды сипаттау, оқу орындары мен мамандықтар жөнінде хабардар ету сондай-ақ, оқушыларды қызықтыратын сан сауалға тұшымды жауап беру. Міне, осылар сәтті жүзеге асқан жағдайда бұл салаға аса қажетті мамандар: машинистер, механиктер, бетоншылар, автогрейдеристер, асфальтбетоншылар және зертханашылардың саны артады деп күтілуде.