Жаңалықтар

Балалық шақтың бақыты

Балалық шақтың бақыты

Өңірлік коммуникация қызметі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, балалар лагерьлеріне баспасөзтурын ұйымдастырды. Қордай ауданындағы "Балауса" жәнеЖуалы ауданындағы "Тау самалы"  мен "Берікқара" лагерьлеріндегі оқушыларды жазғы сауықтыруға жасалғанжағдай таныстырылды.

Мемлекеттік «Балауса» лагері 1977 жылы салынған, 300 орындық сауықтыру кешені 6 гектар аумақты алыпжатыр. Аталған лагерьде 6 жатын корпус, асхана, бассейн, душ, монша, 2 спорттық алаңдар, жазғы сахна жәнемедпункт бар. Балаларды танымдық және тағылымдық тұрғыдан дамытуға, жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлесін қосып отырған мекемедегі топтар алтауболса, 25 қызметкер маусымдық жұмыста еңбек етуде.

Аталған лагерьде 12 маусымнан бастап 1 ауысымда Қордай ауданының 300 баласы қамтылған, 26 маусымнан бастап әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының 300 баласы кезекті демалысын "Балаусада" өткізген. Қазір мұнда 284 оқушы тынығуда. Бұл мемлекеттік лагерьде жергілікті бюджет есебінен аудандағы 850 баланың демалысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 10 шілдеден бері«Қазақстан халқына» қорының есебінен 400 оқу үздіктерімен түрлі жарыс жеңімпаздары жазғы демалысын осында өткізуде.

—  Лагерьдегі  демалысым өте қызықты өтуде. Мектептегі сабағыма қосымша бокспен айналысатынмын, қазір лагерьде футболды көбірек ойнап жүрмін. Біздің тобымыздың аты "Жас ұрпақ", соған қарай топты құранымыз бар. Осындағы жарыстарда, ойнағанда сол ұранымызды айтып шығамыз,  — дейді Әлинұр Сүндет.

Биыл лагерьге алғаш рет келдім, мені қатты қызықтырды. Жасағымыздағы ұл-қыздармен тату-тәтті ойнаймыз. Жасағымыздың жетекшісі Мерей және Ұлжан апайлар тура анамыз сияқты қамқорлық көрсетіп, үнемі қасымызда жүреді. Таңертеңгісі сағат 7-де оянып, денежаттығуын жасаймыз. Түскі астан соң бассейнге шомыламыз. Маған әсіресе,  жаттығу жасап, суда жүзген ұнайды,  — дейді Шу ауданынан келген 5-сыүып оқушысы Бегімсұлу Бекжан.

Айта кетейік, бассейнге тиісті нормаға сай су құйылған. Азаннан түске дейін залалсыздандырылады. Су жылығандаәр топ 20 минуттан кезекпен келіп, шомылады. Бассейннен шыққаннан соң балалар душқа немесе моншаға түсулеріне мүмкіндік жасалған. Лагерь директоры Рая Ағыбаева жазғы сахна 2020 жылы күрделі жөндеуден өткенін айтып, қазір ғимараттар ескіріп тұрғанын жасырмады. Облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев  алдағы 2024 жыды бұл нысан күрделі жөндеуге ұсынылатынын,  сол кезде әр жатын орын санитарлық тораппен қамтылатынын жеткізді.

Жуалы ауданындағы Берікқара шатқалында орналасқанжекеменшік «Тау самалы»

1970 жылданберіоқушылардыңигілігіне пайдаланылып келеді. Жалпыкөлемі 7 гектар алқаптағы 350 орындық, сауықтырукешенінде 3 жатын корпус, асхана, бассейн, душ, монша, спорттықалаңдар мен медпункт жұмысістейді. Мұндағыдемалушыбалалар 13 топқабөлініп, оларғатүрлі бағыттатәлім мен білімберіп, қауіпсіздігінқадағалап жүрген  34 маусымдыққызметкерлеркүндіз-түніқасында болады. Биылғы 8 маусымынанбастапбұлжерде Жамбыл ауданыныңәлеуметтіккөмектіқажетететінотбасының 350 баласы,  21маусымкүніБайзақауданының 80 баласыжазғы демалыстарынтиімдіөткізіпті. Оданбөлекаталғанлагерьде Семей, АқтөбежәнеҚызылордаоблыстарынан 270 бала демалуда. Соныменқатар, 17 шілдеденбастап Шу ауданының 300 баласынжәнеБайзақауданының 220 баласындемалыспенқамтыпотыр.

Осындағы тағы бір жекеменшік «Берікқара» сауықтыруорталығы 2017 жылы пайдалануға берілген. Бұл лагерьдің сиымдылығы 500 балаға арналған. Мұнда да балалардың қызықты демалысына қажеттінің бәрі жасалған. Алайда, топтар көп