Таразда жер сілкінді
Таразда жер сілкінді
18 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 21.28-де Тараздан солтүстікке қарай 240 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа – Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап. Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында 25 шақырым тереңдікте болды. Ол Тараздан солтүстікке қарай 240 шақырымда, Шымкенттен солтүстік-шығысқа қарай 270 шақырымда, Ташкенттен шығысқа қарай 246 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, дәл осы уақытта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 486 шақырым қашықтықта жер сілкінген. Магнитудасы – 4,1. Энергетикалық класы – 9,6. Осы мекеменің мәліметінше, бұдан шамамен үш сағаттай бұрын Ауғанстан аумағында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі есепке алынған.
«Ақ жол-Ақпарат».