Әдебиет

Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары жарық көреді

Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары жарық көреді

Жергілікті қаламгерлердің кітаптарын басып шығару ісі қолға алынды. Осыған байланысты жергілікті қаламгер, ақын-жазушыларды қолдау мақсатында көркем әдебиеттерін басып шығару, тарату және насихаттаудың ережесі жарияланды.

Яғни, авторлар өз шығармаларын «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінеұсынады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі авторлардың әртүрлі жанрдағы туындыларынсараптап, қарау жөніндегі сараптау тобы мен комиссия құрамын қалыптастырады.

«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ авторлардың туындыларын кітап етіп шығарып, кітапханаларға таратады.

Комиссия қарауына ұлттық құндылықтар мен салт – дәстүрлерді дәріптейтін туындылар проза, поэзия, әдеби сын, драматургия жанрларында ұсынылуы тиіс.

Өтінім беруге Жамбыл облысы аумағында тұратын авторлар құқылы (облыс аумағында 1 жылдан кем емес тұрақты мекен-жайы болуы тиіс).

Авторлар туындыларын 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап 20 тамызы аралығындаКомиссияға ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №1 («Ішкі саясат басқармасы» КММ, 303 кабинет).

Сондай-ақ, ережеде авторларға мынандай талаптар қойылған.

Ереженің толық нұсқасымен Жамбыл облысы әкімдігінің, сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының сайттарынан оқып, таныса аласыздар.