Жамбылда не жаңалық?

Балалар үшін қан тапсырды

Балалар үшін қан тапсырды

Бүгінгі таңда ауыр қан дерті - лейкозға шалдыққан балалардың саны күн өткен сайын арта түсуде. Ал, оларды емдеу барысында жілік майы ауыстырылады. Бұл үшін ең бастысы - донор табу қажет.

 width=

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің (қоныс колониясы) басшы және жеке құрам қызметкерлері мұндай игі іс-шарадан тыс қалған емес. Нақтылай түссек, тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы облыстық Қан орталығына барып, сауапты іске атсалысты.

 width=

Бұл күні қан орталығының дәрігерлері мұқият түрде тексерулерден өткізіп, қан қысымын өлшеп, қан тобын анықтады. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, әсіресе, жаздың кезінде балалар үшін донорлық қан күн-түн демей, үзіліссіз сұратылып жатады.