Жамбылда не жаңалық?

Қалқанша безі ауруын болдырмау

Қалқанша безі ауруын болдырмау

Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын бұл ауру, яғни «зоб» – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін.

Зобты болдырмаудың бірден-бір жолы – құрамында йодталған тұзды тағамдарды жиі қолдану. Егер де тамақтағы жемсау беріштеніп, тым қатайып кеткен болса, оны тек хирургиялық жолмен алып тастайды, бірақ ол көп жағдайда міндетті емес. Қалқанша без ауруының алдын алу үшін құрамында йодқа бай краб, теңіз жәндіктері мен өсімдіктерін жиі қолданып, сонымен бірге капуста мен маниоканы жеуді тоқтатыңыз. Ал, тағамыңызға ас тұзынан гөрі йодталған тұздың пайдасы зор. Балық, қырыққабат, банан, қауын, жүзім, ананас, құрма, құлпынай, апельсин, лимон, сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, сәбіз, қызанақты тұтыну қажет. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдерін пайдалана отырып күнделікті тағамның құнарлығын арттыру керек. Басқа жеміс-жидектерге қарағанда негізінен теңіз өнімдерінің құрамында йод көп кездеседі. Әсіресе, өсіп-жетілуіне көптеген дәрумендерді қажетсінетін бала организміне йодтың маңызы аса зор. 5 жасқа дейінгі балаларда 80- 100 мкг, 12 жастағы балалар 130 мкг, 12 жастан асқан балалар 160 мкг йод қабылдауы керек.  

Материалдар интернет желісі негізінде дайындалды