Инсульт алып қалмас үшін...
Инсульт алып қалмас үшін...
Оның кесірінен артериалды қысым көтеріліп, жүрек-қан тамыр аурулары туындап, диабет дамуы ықтимал. 4-5 килограмм жоғалтудың өзі көптеген қауіп-қатердің бұлтын сейілтеді. Көкөністер қан қысымын төмендетуге, тамырдың иілгіштігін жақсартуға әсер етеді. Темекіден бас тартыңыз. «Анда-санда шегемін» деген сөз де ақталуға жатпайды. Ол белсенді шылым тартатындар секілді тамырлардың жұмысына аса кедергі келтіреді. Физикалық белсенділік инсульттың барлық түрінің дамуын төмендетеді. Әсіресе, аэробты жаттығулардың пайдасы көп: жүру, жүгіру, суға жүзу, велосипед айдау, жүктемесі аздау фитнес түрлері. Күн сайын кем дегенде 30 минут жаттығу жасап жүріңіз. Бұл – салмақты азайтып, толық қан айналымын жақсартып, стресстен арылтады. Трансмайлар тамырлардағы бос аралықты азайтады. Ол – тромбтың пайда болуының алғашқы түрткісі. Сол себепті фастфуд, чипсы, крекер, маргарин секілді тағамдарды азырақ қолдануға тырысыңыз.
Материалдар интернет желісі негізінде дайындалды