Әлеумет

Партия өкілдерімен өткен кездесу

Партия өкілдерімен өткен кездесу

Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының өкілдері төтенше жағдайлар департаментінде мәслихат депутаттарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Жиында мемлекеттік және жеке мекемелерде, сондай-ақ тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету төңірегіндегі өзекті мәселелер сөз болды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М. Әкімбаев өрттердің пайда болу себептерінен мысалдар келтіріп, адамдар көп жиналатын орындарда, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде, сондай-ақ облыстың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен қағидаларының негізгі талаптарын түсіндірді. Жиында өрт туындаған кезде объектілер мен халық қызметкерлерінің іс-әрекеттері қаралды. Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А.Абсатов қатысушыларды мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімшелерінде өрт техникасын материалдық-техникалық жарақтандыру және пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Объектілерде туындаған өрттер туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлау, сондай-ақ өртті жою кезінде өртке қарсы қызмет өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағына кіруді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселе қаралды. Жиынға қатысушыларды мемлекеттік және жеке мекемелерді өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіру, атап айтқанда, ғимараттар мен үй- жайларды өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелерімен жабдықтау, шатырдың ағаш құрылымдарын отқа төзімді өңдеуді жүргізу кезеңділігі, үй-жайларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыру нормалары, эвакуациялау жолдарын күтіп ұстау мәселелері, сондай- ақ өрт сөндіру қызметінің нормативтік қажеттіліктері бойынша гарнизонды тиісті автотехника паркімен жарақтандыру туралы мәселелер қызықтырды. Барлық қойылған сұрақтарға сәйкес облыс аумағында тұтастай алғанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат беріліп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнама нормалары түсіндірілді. Кездесуге қатысушыларға өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтау туралы жадынамалар және әдістемелік ұсынымдар табыс етілді.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП