Қайтарылған қаржыда қайыр бар
Қайтарылған қаржыда қайыр бар
Құжат он күннің ішінде күшіне енеді. Айта кетерлігі, Парламент қабылдаған заңға ешқандай селкем болмауы үшін Президент Конституциялық сотқа өтініш жасап, сүзгіден тағы бір өткізген. Осылайша, көпшіліктің талабы мен билік тармақтарының мақұлдауынан шыққан заң жақында толық іске асады. Нәтижесінде бұл – жемқорлықпен есепсіз ақша жымқырғандарды құқық қорғау органдары тергеуге алып қана қоймай, Жаңа Қазақстан жастарына жаңа серпін береді. Оларды адал, шыншыл, турашыл болуға үндейді. Заңсыз актив иеленгендер жазасыз қалмайтыны анық. Әлемнің 70 мемлекетіне біздің елдің қазынасынан жымқырылған қаржылар жасырылған екен. Қазіргі таңға 176 миллиард теңгесі қайтарылғаны анықталып отыр. Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғаларда заңда белгіленген шекті сомадан – 13 миллион айлық есептік көрсеткіштен немесе 44 миллиард 850 миллион теңге, яки шамамен 100 миллион АҚШ долларынан асатын активтері болуы тиіс. Бұл дегеніңіз заң күшіне енгеннен бастап, ең алдымен шетелде иелігінде осыншама активі барлар тексеріле бастайды деген сөз. Біздің Жаңа Қазақстан азаматтары қадамын адал басып, ізгі жолдан таймауы үшін әр өңірдің басшылары мен беделді ақсақалдары, белсенді азаматтары сүбелі үлес қоса бергені жөн.
Сембек СЕЙДӘЗІМОВ, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы.