Жарқын жүздесу
Жарқын жүздесу
Жиында алғаш сөз алған республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін бас жүлдегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков «Айтыстың табиғаты–суырып салмалық. Шаппа-шап айтысты дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Ішкі дайындықтар қажет, бірақ жаттанды шумақтармен айтыскерлер алысқа шаба алмайды», деді. Республикалық «Алтын домбыра» айтысының үш дүркін жеңімпазы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Мұхтар Ниязов та «Бекарыс Шойбековтің сөзін қолдады. Шаппа- шап айтыстар, жекпе-жек айтыстар, жұмбақ, өтірік айтыстарды дамытатын уақыт келді. Құлмамбет айтысын өткізудің де жүйелі жолын қарастырған жөн», деп ой сабақтады. Өз кезегінде қызылордалық айтыскер Нұрмат Мансұров, Түркістан облысының өкілі Дәурен Ақсақалов, шымкенттік Нұрлыбек Мейірманов, айтыста ұстаздық жасап жүрген Бекмұрат Анарбаев айтыс өнеріне қатысты ойларын ортаға салды. Айтысқа ақысыз, пұлсыз ұстаздық жасап жүрген жетекші айтыскерлерге қолдау білдіру туралы да айтылды. Мұнан соң Тұрар Тілеулиевтің бастамасымен айтыскерлер Бесарықтың жаз жайлауын, таудың тамаша шатқалын. Волейбол, футбол алаңдары әзірленген. Ақындар өзара бөлініп, волейбол ойнап, шағын футболға да қара жаяу емес екендерін байқатты. Айтыс ақындарына арналып киіз үй тігілген. Көлеңкесі мол айтыскерлер әсерлі әңгімелердің тиегін ағытты. Термеші Ғабит Шырынбеков толғаған термелер жүректерге жетті. Айтыскерлер сахнада өнер көрсетумен қатар, осындай демалыстың да керектігін, сахна шеберлерінің кездесу арқылы талай көркем ойлар туатынын, осындай емін-еркін әңгіме, әсерлі жүздесулердің қажеттігін түсініп тарқасты.
Есет ДОСАЛЫ