Баскетболдан бақ сынасты
Баскетболдан бақ сынасты
– Бүгінгі таңда баскетбол ойыны – жастар арасында танымалдылыққа ие. Күн сайын кешқұрым қала жастары дәл осы саябаққа жиналып, өзара бәсекелеседі. Бұқаралық спорттың осынау түрін қарқынды дамыту мақсатында бұл сайысты да осында ұйымдастырдық. Алдағы уақытта жамбылдық баскетболшылар Азия және Олимпиада ойындарында атой салады деп сенеміз, – деді Арман Бақытжанұлы. Жарыстың қорытындысы бойынша 14-17 жас аралығында «Горький баскет» командасы үздік атанса, «Чкалова» мектебінің намысын қорғаушы құрама жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал, №1 жасөспірімдер спорт мектебінің командасы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, 18 жастан жоғары құрамалардың ішінде «Три брата и лопата» командасының бағы жанды. «Қазфосфат» және «Стражи галактики» құрамалары ІІ және ІІІ орынды місе тұтты. Сайыс соңында жүлдегерлерге 300 және 200 мың теңгенің сертификаты табысталса, жеңімпаз құрама 400 мың теңгені қанжығалады. Бұдан бөлек, тамаша ойын өрнегін көрсеткендерге қаржылай сыйақы үлестірілді.
Есен ӨТЕУЛІ