Электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

Электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталды
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі, яғни балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта істің егжей- тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Облыстық полиция департаменті электрлі қармақпен балық аулау заңсыз екенін және мүлдем тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай құралмен балық аулау – браконьерлік қылмыс. Электрлі қармақты қолданудың зияны орасан зор, тек балық ресурстарын ғана емес, сонымен бірге тоғандағы басқа да су жануарлары жойылады. Электрлі қармақты бір рет қолданғаннан кейін су қоймасының қалпына келуі ұзақ уақытты алады.
Дайындаған Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА