Ортақ еңбектің оңды нәтижесі
Ортақ еңбектің оңды нәтижесі
Астанадан қуанышты хабар жетті. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік Елбасының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Тәуелсіздік мерекесіне орай берілген марапат жерлесімізді бір марқайтып тастады. Себебі, бұл құрметті «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төңірегіне топтасқан барша жамбылдықтардың ортақ еңбегіне көрсетілген лайықты баға деп қабылдауға болады. Бүгінде партия облыстық филиалы «Қазақстан-2050» Стратегиясы, саяси Доктрина мен Сайлауалды тұғырнамада көзделген міндеттерді орындауда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің республика көлемінде үздік деп танылуы соның бір айғағы. Ендеше, жоғары дәрежелі награданың жаңа белестерге жол сілтей беретініне сенім мол. «Ақ жол-Ақпарат».