Саясат

Байрағымыз бейбіт аспан астында желбірей берсін!

Байрағымыз бейбіт аспан астында желбірей берсін!

Құрметті жамбылдықтар!

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен шын жүректен құттықтайды! Ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз халқымыздың ғасырларға созылған табанды күресі мен жанқиярлық ерлігінің ұлы жемісі. 23 жыл ішінде татулығы жарасқан, іргесі сөгілмеген іргелі елге айналдық. Мемлекетіміз дамудың жаңа бағыттарын айқындап, қарышты қадамдармен алға басуда. Кең-байтақ Отанымыз әлемнің алып елдері қатарына қосылып, өркениеттің өріне бет түзеді. Тәуелсіздігіміздің осы жылдарында атқарылған ауқымды істер ел тарихында алтын әріптермен өрнектелетіні сөзсіз. Бұл, әрине, Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен күш-қайратының, өркениетті елдер алдындағы абыройы мен беделінің арқасы. Ата-бабаларымыздың жігерлі қайратымен, желтоқсандықтардың асқақ рухымен жеткен ұлтымыздың ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бақытымызға – бастау, тірлігімізге – тұтқа, армандарымызға – өріс, елдігіміз бен ерлігімізге тұрақ болған сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін! Сіздерге аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіздің жемісті болуын тілейміз. Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі.