Әлеумет

Қордай ауданында Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қордай ауданында Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылында 90 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанаттына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Бұдан соң жаңа нысанның символикалық қызыл лентасын қиылып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. Қарасу ауылының көнекөз қариясы Бақыт Керімқұлұлы ақ батасын берді. Жиналған көпшілік Мәдениет үйінің ішін аралап, аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Айта кету керек, Мәдениет үйінде би, қолөнер сынды үйірмелері ашылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар да өтеді. Мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі