Құқық

Жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында «Honda Stream» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған бейнежазбасын анықтады. Іздестіру іс-шаралары барысында облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен дәл осы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Ол Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны болып шықты.

Құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 606-бабы 1-бөлігі (жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) және 602-бөлігі 1-бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.