Әлеумет

Жамбыл облысында орманшыларға қызметтік көліктер табыс етілді

Жамбыл облысында орманшыларға қызметтік көліктер табыс етілді

Облыстағы орман шаруашылық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында орманшыларға жол талғамайтын 6 Уаз – 236324 автокөлігі табысталды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысып, жергілікті билік тарапынан орманшыларға көрсетілетін қолдаулар өз жалғасын табатынын жеткізді. Ол өз сөзінде аймақ басшысының бастамасымен бұл салаға осы жылы 280 миллион теңге қаражат бөлінгенін атап өтті.

Айта кетейік, облыс аумағының 31 пайызға жуығын, яғни, 4,4 миллион гектарын мемлекеттік орман қоры құраса, ондағы 15 орман шаруашылығы мекемелерінде 932 қызметкер қызмет етуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі