Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендер көбейген
Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендер көбейген
Дәрігерлер ыстық ауа райында сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін тікелей күн сәулесінің астында болмауға кеңес береді. – Ыстық күндері ашық түсті табиғи матадан жеңіл киім киіп, баскиім киюді ұмытпаған абзал. Сусыздандыруға тез әкелетін қантты газдалған сусындардан, алкогольден және кофеиннен аулақ болу үшін көбірек су ішу керек. Созылмалы аурулары бар адамдар, балалар, жүкті және қарт адамдар өздерін басқаларға қарағанда көбірек қорғауы керек. Егер күн соққысының белгілері болса (дене температурасы мен қан қысымының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік және жүрек айнуы) науқасты дереу салқын бөлмеге апару керек. Мойын, қолтық, алақан аймағында температураны төмендету үшін дымқыл, салқын майлықтарды қолдану керек. Сондай-ақ, науқасқа су балансын қалпына келтіру үшін әр 2-3 сағат сайын салқын су беру керек болады. Есін жоғалту және бас айналу жағдайында жедел жәрдем шақыру қажет, – дейді П.Маханова.
Тараз қаласы