Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар мереке иелерімен кездесіп, құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде төртінші билік өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақ журналистакасының дамуында жамбылдықтардың шоқтығы биік екендігін жеткізді.

Бұдан соң бірқатар БАҚ өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен мапаратталды. Өз кезегінде облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев және аға буын қаламгерлер мен журналистер ізгі тілектерін жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды. Айта кетейік, кәсіби мерекеге орай 27 маусым күні жылдағы дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада өтеді.  

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі