Жаңалықтар

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясы 2023 жылдың 1 шілдесі күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
  1. 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
  2. Облыстың елді мекендерінің сәулет келбетін жақсарту және көркейту барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
  3. Жамбыл облыстық мәслихатының құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
  4. Әртүрлі мәселелер.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 1 шілде күні сағат 14.30-да басталады.

***

Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 1 шілдесінде сағат 11.00-де өтеді. Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.  

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев