Экономика

Облыста кремний кластері құрылады

Облыста кремний кластері құрылады

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Tas Market» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығымен кездесті. Тараптар «Тараз химиялық арнайы экономикалық паркі» аумағында қуаттылығы жылына 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металдар өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы жобасының жүзеге асу барысын талқылады. 2026 жылға дейін іске асуы көзделген жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Tas Market» ЖШС серіктесі – «Xinjiang Jingweike New Energy Development Co., Ltd.» компаниясымен «Тараз» химиялық паркі» АЭА аумағында тек металлургиялық зауыттың ғана емес, басқа да кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес қуаттылығы сағатына 700 мегаватты электр стансасын салуды көздеп отыр. Жобаның құны 50 миллиард теңгені құрайды. Осы және өзге жоспарларымен бөліскен «Tas Market» ЖШС директоры Алмасбек Омаров жобаның кремний кластерін дамытуға мүмкіндік беретінін баса айтты. – Біз алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламалар аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Біз үшін зауыттың тұрақты жұмыс істеп, дамуы маңызды, – деді Нұржан Нұржігітов.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі